Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 52

Случайные фото

Конкурстар

Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

Санат: Конкурстар
Уақыты: 15.12.2017
Оқылды: 282 Печать страницы

Индекс 041100, Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 10, тел/факс: 8(72840) 3-15-97, тел: 31-1-49, 31-6-52, 32-1-56, электрондық адресі: kerbmaslihat@mail.ru, БСН 030740004191

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі ( 3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 12.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар мен сарапшылар ретінде Кербұлақ аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің директоры-бас редакторы қатысады.

 

1. Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы, ( уақытша негізгі қызметкердің отбасылық жағдайы мен бала күтіміне арналған демалысын жалғастыруына байланысты 2019 жылдың 25 ақпанына дейін)лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін E-4 санаты (1 бірлік), № 03-04 .

E-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары экономика, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Атқаратын міндеттері: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының нормативтік және заңнамалық актілерін , аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін жүзеге асыру.

Мәслихат аппаратының әкімшілік-шаруашылық қызметін орындау. Бухгалтерлік есеп жүргізу, мекеме басшыларымен келісім шарт жасауға жауап беру.Аудандық мәслихат қызметін қаржымен қамтамасыз ету жоспарын құрастыру, орындалуын бақылау және есеп беру мәселелері. Аппарат қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу, бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу, ақша мен құнды заттарға есеп жүргізу мәселелері.

Өз саласы бойынша тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, мәслихат хатшысы мен аппарат басшысының тапсырмаларын орындау, мемлекеттік сатып алу жоспарларын әзірлеу, аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік сатып алуларын жүргізу.

«Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің балансындағы жиһаздың, кеңсе, компьютерлік техниканың және тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу. Аудандық мәслихаттың регламентінің орындалуын қамтамасыз ету.

Кадр есебін жүргізу және тиісті орындарға есеп беру, оған байланысты шығарылатын өкімдердің сапалы әрі уақытылы дайындалуын қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қызметкерлерінің еңбек кітапшаларына уақытылы өзгерістер енгізу және аппарат қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу, уақытылы қажетті құжаттарды толықтыру. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің E-kyzmet бағдарламасымен жұмыс істеу. Мемлекеттік тілді білу, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.