Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 52

Случайные фото

Конкурстар

Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс жариялайды

Санат: Конкурстар
Уақыты: 04.01.2018
Оқылды: 280 Печать страницы

Индекс 041100, Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі,10, тел/факс: 8(72840) 3-15-97, тел: 31-1-49, 31-6-52, 32-1-56, электрондық адресі: kerbmaslihat@mail.ru, БСН 030740004191

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні ішінде), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі–Қағида) 2-қосымшаcына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті сурет пен Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлігіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар мен сарапшылар ретінде Кербұлақ аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің директоры-бас редакторы қатысады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 12.

1. Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы, ( уақытша негізгі қызметкердің отбасылық жағдайы мен бала күтіміне арналған демалысын жалғастыруына байланысты 2019 жылдың 25 ақпанына дейін) лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін E-4 санаты (1 бірлік), № 03-04 .

E-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары экономика, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Атқаратын міндеттері: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының нормативтік және заңнамалық актілерін , аудандық мәслихат сессиясының шешімдерін жүзеге асыру.

Мәслихат аппаратының әкімшілік-шаруашылық қызметін орындау. Бухгалтерлік есеп жүргізу, мекеме басшыларымен келісім шарт жасауға жауап беру. Аудандық мәслихат қызметін қаржымен қамтамасыз ету жоспарын құрастыру, орындалуын бақылау және есеп беру мәселелері. Аппарат қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу, бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу, ақша мен құнды заттарға есеп жүргізу мәселелері.

Өз саласы бойынша тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, мәслихат хатшысы мен аппарат басшысының тапсырмаларын орындау, мемлекеттік сатып алу жоспарларын әзірлеу, аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік сатып алуларын жүргізу.

«Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің балансындағы жиһаздың, кеңсе, компьютерлік техниканың және тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу. Аудандық мәслихаттың регламентінің орындалуын қамтамасыз ету.

Кадр есебін жүргізу және тиісті орындарға есеп беру, оған байланысты шығарылатын өкімдердің сапалы әрі уақытылы дайындалуын қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қызметкерлерінің еңбек кітапшаларына уақытылы өзгерістер енгізу және аппарат қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу, уақытылы қажетті құжаттарды толықтыру. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің E-kyzmet бағдарламасымен жұмыс істеу. Мемлекеттік тілді білу, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.