Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 52

Случайные фото

Конкурстар

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Санат: Конкурстар
Уақыты: 06.01.2020
Оқылды: 39 Печать страницы
«Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» ММ
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды
 

Индекс 041100 Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы ауылы, Бауыржан Момышұлы к-сі 12, телефон/факс: 8-(72840)-31-5-97, 31-6-52, электронды пошта: kerbmaslihat@mail.ru, БСН: 030740004191

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш.

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Бауыржан Момышұлы к-сі 12

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы: Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай - ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

 

Е-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

1. Кербұлақ аудандық мәслихатының аппарат басшысы Е-2 санаты, (03-01) индексі, 1 бірлік

Білімі: Жоғары білім, құқық, экономикалық білім, гуманитарлық ғылымдар

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 134851 теңгеден 182456 теңгеге дейін

Функионалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президенттің, ҚР Үкіметінің, аудандық мәслихат сессиясы шешімдерінің, аудандық мәслихат хатшысы өкімдерінің орындалуын тексереді және бақылауды ұйымдастырады және актілердің орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді. Аппаратта еңбек тәртібінің және жұмыс реті ережелерінің сақталуына жауап береді. Аудандық мәслихат пен оның аппараты жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын құрастырады. Аудандық мәслихаттың тұрақты жұмыс істейтін депутаттық комиссияларына әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастырады.

Аудандық мәслихат аппаратының басшылық қызметін атқарады, аудандық мәслихаттың аттестациялық, конкурстық, тәртіптік комиссияларының қызметтерін, тұрақты комиссияларының жұмыстарын басқарады. Мәслихат регламентінің орындалуын қамтып, бақылау жасайды, бақылау мерзімдерінің орындалуын қадағалайды.

Мәслихат аппаратының қызметін, мәслихат хатшысының өкімдерін және оның тапсырмаларын бағыттап, үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық мәслихат депутаттарымен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді және жоғары тұрған органдардан келіп түскен құжаттардың орындалуын қадағалайды, Қазақстан Республикасы Заңдарының жобасын талқылауды үйымдастырады, депутаттардың сайлаушыларымен кездесуін, жиналыстарын, семинарларын, тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарын дайындау, жүргізу және үйымдастыруына қатысады. Бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат және оның ұйымдарының қызметін таныстырып, жарықтандырады, баспа мен телеарналарда депутаттардың сөйлеулерін ұйымдастырады. Тұрақты комиссиялардың құзіретіне жататын сұрақтар бойынша қызметтік хат алмасу жүргізеді. Депутаттардың сайлаушылармен кездесулерін дайындап, өткізілуіне, қажетті анықтама материалдарымен қамтамасыз етеді. Сайлау комиссияларымен жұмыс жүргізеді, сайлау комиссиясынан шыққан мүшелерінің есебін жүргізіп және ол туралы аудандық мәслихат хатшысын хабардар етіп отырады. Сайлау жөніндегі мәселелермен айналысады. Қызметтік бағытқа сәйкес ұйымдастыру және бақылау, жоспарлау және болжау, қызметкерлерді басқаруды дамыту сұрақтары жөнінен, мемлекеттік қызмет жүйесінің қысқа, орташа және ұзақ мерзімді перспективасына стратегиялық жоспарларды дайындайды. Бірлікті нығайта білу, жан-жақтылық және талап ете білу, моральдық, этикалық және іскерлік сапасының жоғары болуы.
Мемлекеттік тілді білу, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.