Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 52

Случайные фото

Конкурстар

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Санат: Конкурстар
Уақыты: 20.02.2020
Оқылды: 41 Печать страницы
«Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» ММ
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

 

Индекс 041100 Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы ауылы, Бауыржан Момышұлы к-сі 12, телефон/факс: 8-(72840)-31-5-97, 31-6-52, электронды пошта: kerbmaslihat@mail.ru, БСН: 030740004191

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш.

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Бауыржан Момышұлы к-сі 12

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы: Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай - ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

1. Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімше басшысы Е-2 санаты, (03-02) индексі, 1 бірлік

Білімі: Жоғары білім, құқық, экономикалық білім, гуманитарлық ғылымдар

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 112730 теңгеден 152017 теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:

Депутаттарды қажетті анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету. Мәслихат сессиясын жүргізуге қатысады. Аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін тиісті Әділет органдарында тіркелу жұмыстарын жүргізеді, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Депутаттық бөлменің жұмысын ұйымдастырады. Мәслихат хатшысына ұсыныспен шығып, мәслихат хатшысы және аппарат басшысының берілген тапсырмаларының орындалуын қамтиды, белгіленген мерзімде олардың қаралуын ұйымдастырады.

Аудандық мәслихаттың қабылдаған шешімдері, мәслихат хатшысының өкімдері мен басқа да іс қағаздарының қолданылып жүрген заңға сәйкестігін бақылайды, аудандық мәслихаттың мәжілістеріне қатысып, аудандық мәслихаттың шешімдері бойынша анықтама және түсініктеме береді.

Аудандық мәслихат аппаратының ресми сайтында аудандық мәслихаттың және оның органының жұмысы туралы ақпараттың сапалы, толық және мерзімде жариялануын қамтамасыз етеді

Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысын ұйымдастырады, сессияны өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізеді, басқа да тұрақты комиссия жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасайды.

Құрылымдық бөлімшенің іс-жүргізу сапасын, жинақ папкалардың мерзімінде ашылуы және оларға тиісті құжаттардың мерзімінде тігіліп, толтырылып отыруын бақылайды, мерзімі келген жинақтау папкаларының бақылаудан уақытылы алынуын қадағалайды.

Құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындап, уақытылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Аудандық мәслихаттың регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес мәслихат аппаратының тәртіптік комиссиясының жұмысын жүргізеді.

Жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарымен, заң қызметкерлерімен қарым қатынаста болады. Мемлекеттік тілді білу, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.